Елордалық балаларға арналған тақырыптық мерекені нашақорлықтың алдын алу жөніндегі қазақстандық қауымдастық өткізді

Елордалық балаларға арналған тақырыптық мерекені нашақорлықтың алдын алу жөніндегі қазақстандық қауымдастық өткізді

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Есірткісіз ұлт» нашақорлықтың алдын алу жөніндегі қазақстандық қауымдастық» ЗТБ елордалық балалар мен олардың ата-аналары үшін арнайы тақырыпқа арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Есірткісіз ұлт» нашақорлықтың алдын алу жөніндегі қазақстандық қауымдастық» ЗТБ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, ҚР ІІМ, Қазақстан-Ресей болат өнеркәсібі компаниясының, «Komek Center» психологиялық көмек орталығының және «Balbobek» балалар тауарлары гипермаркетінің қолдауымен балалар мен ата-аналардың қатысуымен отбасылық тақырыпқа арналған «Мықты отбасы» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Оған отбасылық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ата-аналар мен балаларға арналған ойындар өткізген аниматорлар қатысты. Есіл өзенінің жағасында таза ауада әзірленген кәуап пен палау іс-шараның көркін арттыра түсті. Балалар спорттық жарыстар мен ойындарға қатысып жатқанда, ата-аналар дөңгелек үстелде бас қосып, есірткінің зияны мен қаупі туралы талқылады.