Нұр-Сұлтанда Солтүстік айналма жол учаскесі уақытша жабылды

Нұр-Сұлтанда Солтүстік айналма жол учаскесі уақытша жабылды

Қаланың Солтүстік-Батыс айналма жолының учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөліктердің қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция транзиттік және жүк көлігінің жүргізушілеріне үлкен айналма жол учаскесі арқылы рұқсат етілген бағыттарды көрсететін ақпараттық тақталарды басшылыққа алуды ұсынады.

Сонымен қатар, "Өндіріс" тұрғын үй алабының жолдарында апаттық жағдайларды және кептелістердің пайда болуын болдырмау мақсатында "Сергек" АӨК қондырғысы арқылы жүк көлігінің қозғалысы шектелді.

Тәртіп сақшылары екі жолақты жолдар жүк көлігімен қарқынды пайдалануға арналмағанын еске салады.

Бұдан басқа, халқы 32 мыңнан асатын Өндіріс тұрғын алабы өнеркәсіптік аймақ болып табылмайды. Транзиттік көлік санының көптігіне байланысты жергілікті тұрғындар массив аумағында жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу мәселелері бойынша бірнеше рет жүгінді.

Қаламен байланыстыратын негізгі екі жолақты жол Малахов көшесі болып табылады, онда Республикалық маңызы бар үш теміржол өткелі орналасқан, онда көлік жүктемесінің деңгейі рұқсат етілген нормалардан асады.

"Жол қозғалысы ережелеріне 1-қосымшаның 3-бөлімінің талаптарына сәйкес, "Жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салынады", 3.4 жол белгісінің күші белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға қызмет көрсететін, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсететін немесе белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға тиесілі көлік құралдарына қолданылмайды.Сондай-ақ, аталған тұрғын үй алабының тіршілігін қамтамасыз ету үшін жүк көлігінің қозғалысы қарастырылған", - деп хабарлады елорданың полиция департаментінен.

Жоғарыда көрсетілген барлық шаралар уақытша болып табылады және айналма жолдағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол қозғалысын ұйымдастыру қайта өзгертіледі.

Азаматтардан атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Жол қозғалысы және қауіпсіздік бөлігіндегі барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдармен келіспеген жағдайда, азаматтар 8 (7172) 67-75-75, 71-69-77, WhatsАpp 8-705-295-86-20 телефондары бойынша елорданың ПД әкімшілік полиция басқармасының Call-орталығына жүгіне алады.