Елордалық ТЖД су қоймаларына жақын жерде балалардың жүру ережелері туралы еске салды

Елордалық ТЖД су қоймаларына жақын жерде балалардың жүру ережелері туралы еске салды

Күн ысыған сәттен бастап қала тұрғындары балаларымен бірге шомылу маусымы ресми түрде ашылмағанына қарамастан, өзендер мен көлдердің жанында сауық құра бастады. Елордалық ТЖД балалардың су айдындарында қалай жүруі керектігі туралы айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өздеріңіз білетіндей, шомылу маусымы әлі ресми түрде ашылған жоқ. Дегенмен балалар бос уақытын суға жақын тұстарда өткізгенді ұнатады, ал бұл олардың өміріне үлкен қауіп төндіреді. Балаңызға өзенге жақындау тұста жалғыз жүру және суға түсу қауіпті екенін түсіндіру арқылы оның өмірін қауіптен сақтай аласыз.

«Бүгінгі күні құтқарушылар қала әкімдігімен бірлесіп шомылуға болмайтын орындарда тыйым салатын және ақпараттық белгілер, стендтер орнату жұмыстарын жүргізуде. Биыл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысымен шомылуға арналған үш учаске бекітілді: Орталық қалалық жағажай, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары», - деп хабарлады онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Есен Байыров.

Балалар үшін тағы бір қауіп – бұл ашық терезелер, олардан балалар құлап, ауыр жарақаттан қайтыс болып жатады.

«Терезеден құлау-балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі, әсіресе қалаларда. Қызығушылығына байланысты балалар ашық терезеге құмар болып келеді. Терезеден құлау қаупіне 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар ұшырауы мүмкін, бұл баланың өзі терезе алдындағы ойындардың барлық қауіптілігін әлі бағалай алмайтын жас, ал ересектердің ешқайсысы оған мұны түсіндірмеген», - деп еске салды спикер.

Құтқарушылар ата-аналарды қырағы болуға және кішкентай балаларды терезелері ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауға шақырады. ТЖД бірқатар ұсыныстар айтты:

- Егер үйде бала болса, терезелерді ешқашан ашық қалдырмаңыз. Сіз жақын жерде болып көрінгеніңізбен бұл балаңыздың өміріндегі соңғы сәт болуы мүмкін.
- Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін заттардың орнын қайта ауыстырыңыз, жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз.
- Егер бұл мүмкін болмаса, балалардың төсекте немесе терезелердің жанында орналасқан басқа жиһаздарда ойнауына жол бермеңіз.
- Ешқашан терезе торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, бұл торлар қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезініп, терезеге де, оған да сүйенеді. Көбінесе балалар осы торлармен бірге құлап кетеді.
- Мүмкіндігінше, терезелерді (желдеткіштерді) төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
«Құрметті ата-аналар, ұсыныстарға назар аударуды және кәмелетке толмаған балалардың мінез-құлқы мен орналасқан жеріне, әсіресе демалыс кезінде бақылауды күшейтуді және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұраймыз. Балаларға қауіпсіздік ережелері және оларды бұзудың салдары туралы түсіндіру қажет. Жоғарыда келтірілген ұсыныстарға сүйене отырып, сіз жазатайым оқиғалардың алдын алып, үлкен апаттан аулақ бола аласыз. Төтенше жағдай туындаған кезде жедел 101, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – деп түйіндеді Е.Байыров.