Нұр-Сұлтанда балаларды қорғау күнін қалай атап өту жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтанда балаларды қорғау күнін қалай атап өту жоспарланып отыр

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Елордада осы күнге орай көптеген түрлі іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев онлайн брифинг кезінде айтып берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда балаларды қорғау күніне орай "Нұрсая" ТК-де 1200-ден астам баланы қамтитын қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша салынған Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының филиалын ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мерекеге орай Кенесары көшесі, 41 мекен-жайы бойынша Балалар көркемсурет мектебінің жеке ғимараты ашылады.

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы базасында 400-ден астам баланы тегін қамти отырып, IT бағыттар бойынша "SANA" креативті білім беру орталығы есігін айқара ашады.

"Амфитеатрда "BALAPAN ӘЛЕМІ" республикалық фестивалі өтеді ("Қазақстан" және "Balapan" телеарналары қала әкімдігімен бірлесіп), оған 1000-нан астам бала қатысады. Сонымен қатар, бұл күні Астаналық, Триатлон паркі, "Жетісу", "Жерұйық", "Жазушылар", "Demalys Promenad" саябақтары, "Есіл" өзенінің жағалауы ("Арбат"), қала мектептерінің тақырыптық аймақтары бар спорт алаңдарында мерекелік концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар, конкурстар ұйымдастырылады", - деді бейінді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, бұл күні жазғы демалыс, "Жасыл Ел" жастар еңбек жасағының жұмысы басталады.