Нұр-Сұлтанда балалар жылы аясындағы іс-шаралар 7 бағыт бойынша өтеді

Нұр-Сұлтанда балалар жылы аясындағы іс-шаралар 7 бағыт бойынша өтеді

Елордалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев онлайн брифингте қалада балалар жылын өткізуге арналған іс-шаралар жоспары қалай жүзеге асып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада негізгі 7 бағыт бойынша балалар жылын өткізу жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Олар: Білімді бала, Отбасы – қауіпсіз мекен, Дені сау бала, Жетімсіз ел, Жайлы мекен, Bala qorgau, Bala_time.kz .

«Сапалы, тиімді ұйымдастыру үшін балалар жылын өткізу бойынша қалалық жедел штаб құрылды. Бүгінгі күні өткізілген іс-шаралардың ішінде: елордада балалар жылының бастапқы алаңы 1000-нан астам баланың қатысуымен «Қазақконцерт» орталық концерт залында «Шаттық-2022» ХV қалалық шығармашылық ашылулар байқауының Гала-концертін өткізу болды. Балалардың құқықтарын қорғау бөлімі ашылды. Қалалық психологиялық сүйемелдеу қызметі, «KOKTAL JUNIOR HALL» спорттық-шығармашылық орталығы ашылды», – деді Қасымхан Сенғазыев.

Өзге іс-шаралардың қатарында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын 2550 орынға дейін ұлғайту бар.