Елордалық боксшы Валентина Хальзова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Елордалық боксшы Валентина Хальзова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ыстамбұлда бокстан әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында елордалық Валентина Хальзова қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Айта кетейік, әлем чемпионаты мамырдың 8 мен 20 аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында өтті. Биылғы бәсекеге 73 елден 300 - ден аса былғары қолғап шеберлері қатысты.

Соңғы күні жерлесіміз ширек финалда 70 келіге дейінгі салмақта австралиялық Кей Скоттпен қолғап түйістірді.
Бұл жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен елордалық Хальзованың жеңісімен аяқталды.

Осылайша Валентина Хальзова Қазақстан құрамасы сапында 2022 жылғы әлем чемпионатының төртінші жартылай финалисті атанды. Бұған дейін Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі) және Карина Ибрагимова (57 келі) де өздеріне қола жүлдеге кепілдік берген болатын.

Хальзова 2016 жылы Астанада өткен әлем чемпионатының "алтынын" жеңіп алғанын айта кетейік.

Қазақстандық қыздар жапыкомандалық есепте 1 күміс пен 4 қоламен 6-шы орынға тұрақтады. Топ басында Ирландия боксшылары. Үздік үштікті Үндістан мен Түркия түйіндеді.