Нұр-Сұлтандағы жол учаскелерінің бірінде көлік қозғалысы жабылады

Нұр-Сұлтандағы жол учаскелерінің бірінде көлік қозғалысы жабылады

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жүргізушілеріне Б.Момышұлы даңғылындағы жөндеу жұмыстарының басталғанын ескертеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

"Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 9-19 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады", - делінген хабарламада, 

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп толықтырды ведомстводан.