Елордада ҰОС кезінде қаза тапқан сарбаздарды еске алды

Елордада ҰОС кезінде қаза тапқан сарбаздарды еске алды

Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне "Даңқ гирляндалары" мен гүл себеттерін қою рәсімі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Рәсім кезінде үрмелі оркестрдің орындауында салтанатты марш орындалды. Майдан ардагерлері мен тыл еңбеккерлері гүл шоқтарын қойып, қаза болғандарды еске алды. 

"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің бас имамы Руслан Байзақов, Орыс Православ шіркеуінің діни қызметкері Архимандрит Иоасаф алғыс сөздерін, құттықтауларын айтып, денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі.