Сейфуллин көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды

Сейфуллин көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Сейфуллин көшесінде жол жөндеу жұмыстарының басталғанын мәлімдейді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сейфуллин көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 17 сәуірі күні сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін Сарыарқа даңғылынан Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген басқарма хабарламасында.