Нұр-Сұлтанда станцияның бір бөлігіндегі өткел 8 сағатқа жабылады

Нұр-Сұлтанда станцияның бір бөлігіндегі өткел 8 сағатқа жабылады

2022 жылдың 16 сәуірінен 17 сәуіріне қараған түні Нұр-Сұлтан станциясының Малахов көшесінде ПК 7-нің 805-ші шақырымында орналасқан өткел жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан станциясындағы өткел арқылы автокөлік құралдары үшін қозғалыс 16 сәуірде сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін өткел төсемін ауыстыру және өзге де жұмыстардың жүргізілуіне байланысты жабылады.

Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарын қаланың осы бөлігіндегі қозғалысын алдын ала жоспарлауы қажет.