Елорда әкімдігі әлеуметтік нысандары тапшы тұрғын үй кешендерінің құрылысы жөніндегі ұсыныстарды қабылдамады

Елорда әкімдігі әлеуметтік нысандары тапшы тұрғын үй кешендерінің құрылысы жөніндегі ұсыныстарды қабылдамады

Елорда әкімдігі әлеуметтік нысандары тапшы тұрғын үй кешендерінің (ТК) құрылысы жөніндегі ұсыныстарды қабылдамады. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында қала әкімдігі әлеуметтік нысандар құрылысына және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға ерекше назар аударады.

Байтұрсынов көшесі, 7 (Хайвилл ТК) мекенжайындағы учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынатын болады. Бұдан басқа, Қошқарбаев даңғылы мен Ақыртас көшесі маңында «Хайвил» ТК-ге қарама-қарсы оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында тағы бір жалпы білім беретін мектеп салынады.

Ақбұлақ ықшам ауданында Қ.Жалайыри көшесінде «Iconic» ТК құрылысы тоқтатылды. Мастер-жоспар бойынша бұл орын абаттандырылып, гүлзар орнатылады.

Есіл ауданындағы Мәңгілік Ел даңғылы жанында – №9 емхана мен №77 мектеп-гимназиясы арасындағы учаскеде жоспар бойынша серуендеуге және демалуға арналған қоғамдық кеңістік (гүлзар) салынады.

Күмісбеков көшесі, 9 мекенжайында 21 қабатты тұрғын үй кешені мен паркингтің орнына қоғамдық кеңістік пен гүлзар салынады.
М.Горький-Косыгин-Челюскинцев-Ишимская көшелерінің квадратында ТК орнына қоғамдық кеңістік салынады.

Сонымен қатар Бас прокуратура мен Jysan Bank арасында – Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына тағы бір мектеп салынады.

 

Фото: Александр Куприенко