Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында екі күн ішінде ел аумағында жыл сайынғы «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-қимылдар, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау пысықталуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері мынадай іс-шараларды пысықтауда:
- азаматтық қорғаудың аумақтық және салалық кіші жүйелерінің жұмыс істеу режимін су тасқыны кезеңіндегі ТЖ қаупі және туындауы кезінде арналуы бойынша міндеттерді орындауға Жоғары әзірлік режиміне келтіру;
- су тасқыны кезеңінде ТЖ жоюға дайындық деңгейін және қабілетін арттыру;
- көлік магистральдары мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмыс істеуін бұзу жағдайларында бағынысты күштерді басқару бойынша азаматтық қорғау кіші жүйелерінің жұмысындағы үйлесімділікті жетілдіру;
- азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының су тасқыны кезеңіндегі ТЖ ден қоюға дайындығын тексеру.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін қала әкімімен ұйымдастырушылық нұсқау бекітілген және қойылған міндеттерді іске асыру бойынша барлық азаматтық қорғау қызметтеріне жіберілген.
Оқу-жаттығудың жедел штабы елорданың ТЖД базасында өткізіледі, онда республикалық штабтың кіріспе және шешімдерін пысықтау үшін қаланың азаматтық қорғау қызметтері орналасқан.
Оқу-жаттығудың практикалық іс-қимылдарын пысықтау елордада қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелерінде өтті. Есіл ауданының «Үркер» елді мекенінде, Сарыарқа ауданында Дулатов көшесі, 176/1 («Қарақат» балабақшасы), Горький көшесі, 22 «Теміржолшылар» елді мекенінде және «Нұрлы Жол» вокзалы ауданында «Щебсклад» бақша қоғамының учаскесінде бөгеттерді тұрғызу және нығайту бойынша практикалық іс-шаралар пысықталды. Сол сияқты Байқоңыр ауданы «Автоматика» елді мекенінде бөгетті нығайту және су ағатын құбырларды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жалпы практикалық іс-шараларға қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамынан 136 адам және 35 бірлік техникасы қатысты.