
Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы тарифті есептеу кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға қандай жеңілдіктер берілетінін еске салды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне сәйкес жеке тұлғалар үшін тариф есептеу кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға жеңілдіктер қарастырылған:
100% — Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;
50% — Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, көпбалалы аналар, I топтағы мүгедектер;
25% – II топтағы мүгедектер мен жасына байланысты зейнеткерлер.
Есеп айырысулар тиісті өтініш берілген және растайтын құжаттар ұсынылған сәттен бастап жүргізіледі.
Жеңілдіктерді қолдану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, А.Бараев көшесі, 23 мекенжайындағы «Clean City NC» ЖШС қоқыс шығарушы компаниясына жүгіну қажет. Анықтама телефоны: 87076133333.