
Нұр-Сұлтан қаласының жастары мен спортшылары 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен барша қазақстандықты құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Алғыс айту күні аясында еліміздің барлық саласында қызмет атқаратын қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз. Пандемия кезінде мылтықсыз майданға түскен дәрігерлерге, қаңтар қырғыны кезінде өз жұмысын адал атқарған әрбір полиция қызметкеріне, әскерилерге өзіміздің алғысымызды білдіргіміз келеді. Сол сияқты аға буынға, бауырларымызға алғыс білдіреміз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Естемір.
Ол сөзін жалғай отырып, волонтерлік штаб халыққа пайда тигізу үшін үнемі дайын екенін қозғап өтті.
«Спорт – бұл үлкен әлем. Осы әлемге мені алып келгені үшін, спорттың қыр-сырын үйретіп, дайындағаны үшін жаттықтырушыма мың алғыс! Қазақ халқына бізді үнемі қолдап, дем беріп отырғаны үшін алғысымды білдіремін!» - деді панкратионнан халықаралық жарыстардың чемпионы Бекзат Қайырханов.