«Тағзым» керуені: елордада Алғыс айту күні қарсаңында қандай іс-шаралар ұйымдастырылады

«Тағзым» керуені: елордада Алғыс айту күні қарсаңында қандай іс-шаралар ұйымдастырылады

«Тағзым» керуені 1 наурыз – Алғыс айту мерекесі қарсаңында бірқатар іс-шара ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды әкімдігінің ресми сайты.

«Жас Ұлан» мектеп оқушыларынан құралған әскери жасақ төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсететін қызмет иелеріне – «103 жедел жәрдем» желісі, өрт сөндіру қызметі, Полиция басқармасының кезекшілік бөлімі, «Нұрлы жол» теміржол вокзалы қызметкерлеріне және «Астана Тазалық» мердігерлік ұйымының жұмысшыларына алғыс айтып, гүл шоқтарын табыс етті.

«Тағзым» керуені Ұлы Отан соғысы ардегерлерін, жалғызбасты қарттарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтап, азық-түлік себеттерін табыстайды. Оқушылардан құралған «Еріктілер» тобы жалғызбасты ардагерлердің ауласын қардан тазалайды.

Көктемнің алғашқы күні «Тағзым» керуені Алматы ауданы аумағында орналасқан әлеуметтік нысандарға – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Мамандандырылған балалар үйі, SOS Балалар қалашығы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Балам-ай» қоғамдық қорының қызметкерлері, сол сияқты №2 «Өнер» мектебінің «Өнер керуені» шағын концерттік бағдарлама ұсынады.

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай аудан балабақшалары арасында «Мейірімге толы әлем!» онлайн-челленджі өтеді. Шара қорытындысы бойынша «Ең үздік челлендж», «Ең үздік құттықтау» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталатын болады. Оларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Ең үздік челлендж аудан әкімі аппаратының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады.