Елордалық қандай мекемелерге белгілі тұлғалардың есімдері берілді

Елордалық қандай мекемелерге белгілі тұлғалардың есімдері берілді

Елордалық білім және мәдениет мекемелеріне қазақтың белгілі тұлғаларының, көрнекті қоғам және саяси қайраткерлердің есімдері берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына сілтеме жасап.

Саяси және қоғам қайраткер Нәзір Төреқұловтың есімі елордалық № 35 мектеп-лицейіне берілді. № 51 мектеп-гимназиясы Мұстафа Шоқайдың, ал №53 мектеп-лицейі батыр, полковник Бауыржан Момышұлы есімімен аталды.

№ 54 мектеп-лицейіне Ақселеу Сейдімбек, № 61 орта мектепке Қаныш Сәтпаев, № 67 гимназияға Ілияс Есенберлин, № 74 мектеп- гимназиясына Мұқағали Мақатаев, № 78 мектеп-гимназиясына Смағұл Сәдуақасұлы, № 86 мектеп-гимназияға Мұхтар Әуезов, № 9 гимназияға Қайым Мұхамедханов, Мемлекеттік академиялық филармонияға – Еркеғали Рахмадиев есімі берілді.

Белгілі тарихи тұлғалардың есімдері «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім және мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 669 қаулысына сәйкес берілді.
Бұдан бөлек, «NOMAD City Hall» театрының атауы ресми түрде «Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» болып өзгертілді.