Демалыс күндері елорданың қоғамдық көліктері жүрмейді
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктері сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Мұндай шектеулер елордадағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты қаланың санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде енгізілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық автобус маршруттарының жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылды. Бұл күндері автобустарда дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс күндері қоғамдық көлік штаттық режимде жүреді және кептеліс уақыттарында автобустар саны көбейеді.
Бұған қоса соңғы аялдамаларда автобус салондарын дезинфекциялайды.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлікте маска режимін қатаң сақтау керек. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.
Естеріңізге сала кетейік, санитарлық дәрігердің карантинді күшейту туралы қаулысы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 14 шілдедегі хаттамасы негізінде қабылданды.