Елордада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі жол учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Елордада Tarlan Astana құрылысына байланысты екі жол учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Елордада 7 қазаннан бастап Tarlan Astana екінші кезегінің құрылысына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.

Шектеу мына көшелерге енгізіледі:
- Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі учаскесінде;
- Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.

Жол қозғалысына қатысушылардан өзгерістерді ескеріп, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және қалыптасқан жол жағдайын ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлау қажет.