Астанада өңірлерден жеткізілген мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

Астанада өңірлерден жеткізілген мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі сатылды

Елордада 19 қыркүйекте басталған дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы өтіп жатыр. Оған еліміздің өңірлерінен келген шаруалар қатысуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Маусым басталғалы жәрмеңкелерге Атырау, Қызылорда, Абай, Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының өкілдері қатысты.

Осы уақыт ішінде жәрмеңкелерге шамамен 150 мың адам келді. Мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімі, оның ішінде ет, сүт өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары сатылды.