
Астанада 10 қазан күні «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жазғы жүгіру маусымының жабылуына арналған бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Спорттық іс-шара «Триатлон паркінде» өтеді. Қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықты еңсереді. Жарысқа 16 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Қатысушылар саны 1800 адаммен шектеледі.
Жүгіру сағат 09:00-де басталады.
Іс-шараға қатысу үшін тіркеу 8 қазанда сағат 09:00-де басталады. Оған reg.elordasport.kz сайты арқылы тіркелуге болады.
Старт нөмірлерін беру 9 қазан күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «Триатлон паркінде» өтеді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарыс өтетін 10 қазан күні офлайн тіркеу жүргізілмейді. Стартқа тек алдын ала тіркелген қатысушылар жіберіледі.