Алматы ауданында жаңа мурал салынды

Алматы ауданында жаңа мурал салынды

Елорданың Алматы ауданында орналасқан қоғамдық кеңістік көркейіп, жаңарып жатыр. Ғ. Мүсірепов көшесі, 2-үйдің қасбетіне «Түс» атты мурал салынды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Ауқымды арт-туынды қалыптасқан қалалық кеңістікке жаңа тыныс беріп, оған өзіндік атмосфера мен ерекшелік дарытты. Арт-нысан ғимараттың сәулеттік келбетін толықтырып, көшенің көркін аша түсті.

Мурал қазірдің өзінде аудан тұрғындары мен қонақтарының назарын аударып, қалалық кеңістіктің көзге түсер бөлігіне және жаңа тартымды орынға айналды.