Кезекте тұрғандарға кредиттік тұрғын үй: Астанада 562 пәтер бөлінеді

Кезекте тұрғандарға кредиттік тұрғын үй: Астанада 562 пәтер бөлінеді

Астанада 2023-2029 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жақын арада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кредиттік тұрғын үй беру үшін өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап.

Барлығы А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2, 36/3 үйлерден 562 пәтер беріледі.
Оның ішінде:
•1 бөлмелі – 166 пәтер;
•2 бөлмелі – 276 пәтер;
•3 бөлмелі – 80 пәтер;
•4 бөлмелі – 40 пәтер.

Пәтерлер таза әрленген күйде беріледі.
Бір шаршы метрдің құны – 332 916 теңге.

Сыйақы мөлшерлемесі – 5% (ЖТСМ – 5,2%-дан 5,8%-ға дейін), бастапқы жарна – 10%-дан бастап.
Өтініштер Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы қабылданады.