Астанада «Бір ұстаз – бір оқиға» қалалық челленджі басталды

Астанада «Бір ұстаз – бір оқиға» қалалық челленджі басталды

Мұғалімдер күні қарсаңында Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы «Бір ұстаз – бір оқиға» атты қалалық бейнечелленджді бастады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Челлендж аясында әр мұғалім жүрегінде ұзақ жылдар бойы сақталған ерекше оқиғасын әңгімелейді.

Бұл жолы мектеп парламенттерінің мүшелері мен «Ақпарат – медиа» фракциясының өкілдері нағыз сұхбат алушы әрі бейнеоператор рөлін атқарып, ұстаздарын мектеп өміріндегі шынайы, әсерлі, көңілді оқиғалары арқылы жаңа қырынан таныстыруға мүмкіндік алды.

Өйткені әр мұғалімнің артында жылдар бойғы еңбегі ғана емес, ұмытылмас сәттері, шәкірт тағдыры мен жүреінде сақталған ерекше естеліктер бар.

Бұл челлендж – ұстаздарға алғыс айтудың тағы бір мүмкіндігі.