«Ұстаз – ұлт мерейі»: Астанада мектеп оқушылары арнайы құттықтау әзірледі

«Ұстаз – ұлт мерейі»: Астанада мектеп оқушылары арнайы құттықтау әзірледі

Астана қаласының Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының өнерпаздары ұстаздарға арнап «Ұстаз – ұлт мерейі» атты арнайы құттықтау әзірледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік пен жауапкершілік қасиеттерін сіңіретін, ел болашағын тәрбиелейтін тұлға. Ұстаздар күні – осы абыройлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіп, олардың еңбегін бағалайтын ерекше мереке.

Шығармашылық ұжымның өнерпаздары ән мен өнерді арқау етіп, өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізді. Әрбір өнер туындысынан ұстазға деген құрмет пен шәкірттің алғысы сезіледі.

Ұстазға деген құрмет – білімге, болашаққа және ұлттың ертеңіне деген құрмет. Ал шәкірттің жүрегінен шыққан осындай жылы лебіз бен өнер арқылы жасалған тарту – ұстаз еңбегіне берілген ерекше баға.