«Заң мен тәртіп»: елорданың бір ауданында есірткі жарнамасы бар жазбалар өшірілді

«Заң мен тәртіп»: елорданың бір ауданында есірткі жарнамасы бар жазбалар өшірілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елорданың «Шұбар» тұрғын алабында тыйым салынған заттарды тарататын сайттар мен Telegram-арналардың жарнамасы жазылған жазбаларды бояп өшіру акциясы өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны «Есіл» ауданы әкімінің аппараты аудандық полиция және елорданың Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Жұмысқа еріктілер де тартылды.

Мұндай жазбалар аумақты тұрақты аралау кезінде анықталады. 2025 жылы әкімдік қызметкерлері, прокуратура, полиция, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма өкілдері, сондай-ақ ПИК пен МИБ мүшелері 31 осындай жазбаны анықтаған.

Жыл басынан бері аудандық полиция қызметкерлері «Астана жастары» еріктілерімен бірлесіп, тыйым салынған заттардың заңсыз жарнамасына қатысты тағы 12 деректі анықтады.

#законипорядок #заңментәртіп