Астанада Қошқарбаев даңғылының Момышұлы мен Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы жол жабылады

Астанада Қошқарбаев даңғылының Момышұлы мен Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы жол жабылады

Астанада жол жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше қиылыста көлік қозғалысы толық жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көлік қозғалысы келесі қиылыстарда шектеледі:
– 1 қазан сағат 23:00-ден 2 қазан сағат 07:00-ге дейін Р. Қошқарбаев және Б. Момышұлы даңғылдарының қиылысында;
– 2 қазан сағат 23:00-ден 3 қазан сағат 07:00-ге дейін Р. Қошқарбаев және М. Жұмабаев даңғылдарының қиылысында.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.