Астанада үздік педагогтер анықталды

Астанада үздік педагогтер анықталды

Астанада «Үздік педагог – 2026» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Үздік педагог – 2026» республикалық байқауының ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша төмендегі елордалық педагогтер жеңімпаз атанды:
– Әйгерім Біржанқызы – Астана қаласы әкімдігінің Абай Құнанбайұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
– Гүлмира Нұрғазықызы Оспанова – Астана қаласы әкімдігінің №116 орта мектебінің химия пәні мұғалімі;
– Мөлдір Айтқалиқызы Жолбарысова – Астана қаласы әкімдігінің №5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі;
– Нағашыберген Ерденұлы Қарбоз – Астана қаласы әкімдігінің №105 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі;
– Татьяна Геннадьевна Воронко – Астана қаласы әкімдігінің №2 арнайы мектебінің мұғалім-дефектологі;
– Жанар Абдолла – Астана қаласы әкімдігінің №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің химия пәні мұғалімі;
– Назым Мақсатқызы Ирбаева – Астана қаласы әкімдігінің №107 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
– Дәурен Манапұлы Бейсенбаев – Астана қаласы әкімдігінің Тәттімбет атындағы №1 өнер мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі;
– Жанна Есімбекқызы Абдрахманова – Астана қаласы әкімдігінің ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;
– Салтанат Болатқызы – Астана қаласы әкімдігінің №115 орта мектебінің химия пәні мұғалімі.