«WorldSkills Shanghai-2026»: әлемдік чемпионатты астаналық студенттер үздіктер қатарынан көрінді

«WorldSkills Shanghai-2026»: әлемдік чемпионатты астаналық студенттер үздіктер қатарынан көрінді

Шанхай қаласында өткен «WorldSkills Shanghai-2026» халықаралық чемпионатында Astana Polytechnic жоғары колледжінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, «Үздік медаль» иегерлері атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионатта ел намысын қорғаған колледж студенттері екі құзыреттілік бойынша жүлделі нәтижеге қол жеткізді.
• «Web технология» құзыреттілігі бойынша – Мұхамеджан Ағыбай;
• «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша – Нұрлан Рамазан.

Жас мамандарды халықаралық чемпионатқа дайындап, кәсіби шеберлігін шыңдауға Astana Polytechnic жоғары колледжінің оқытушылары, халықаралық сарапшылар Айжан Зияданова мен Самир Керімов жетекшілік етті.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының «Сантехника және жылыту» және «Графикалық дизайн» құзыреттіліктері бойынша «Үздік медаль» иегерлерін дайындауға колледждің халықаралық сарапшылары Ержан Қасымов мен Гауһар Қадыртаева үлес қосты.

WorldSkills халықаралық чемпионаты жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, жастардың кәсіби шеберлігін әлемдік деңгейде көрсетуге мүмкіндік беретін ірі кәсіби алаң.

Астаналық студенттердің халықаралық додада үздік нәтиже көрсетуі олардың кәсіби дайындығының және ұстаздарының жүйелі еңбегінің нәтижесі.