
Елорда спортшылары Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова және Жаклин Якимова Қазақстан құрамасының сапында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Аралас командалар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы 216,7961 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Жарыста Қытай құрамасы 299,2117 ұпаймен жеңіске жетті. Жапония командасы 286,2688 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстан құрамасы сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин Туякова, Даяна Джамчаналова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.