
Елордалық спортшы Назарбай Саттархан Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасының сапында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Командалық жарыстың жартылай финалында Қазақстан құрамасы Жапония командасымен кездесіп, 34:45 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстан құрамасы сапында Нұрмұхаммед Жайлыбай, Артем Саркисян, Назарбай Саттархан және Қуаныш Ерғашбай өнер көрсетті.
Медаль жолында қазақстандық семсерлесушілер 1/8 финалда Сауд Арабиясы құрамасын 45:32 есебімен жеңсе, ширек финалда Қытай командасын 45:40 есебімен ұтты.
Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды.