Астанада Еңбек күніне арналған челлендж басталды

Астанада Еңбек күніне арналған челлендж басталды

Еңбек күніне орай Астанада жасампаз еңбек құндылықтарын дәріптеуге және түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауға бағытталған арнайы тақырыптағы челлендж басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бастаманы түрлі сала өкілдері, оның ішінде елордаға белгілі мәдениет қайраткерлері де атсалысты.

Челленджге қатысушылар еңбек адамының өміріндегі маңызы туралы айтып, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өз ісіне адал болудың мәнін көрсететін бейнероликтер жариялап жатыр.

Еске салайық, Қазақстанда Еңбек күні қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Осы датаға орай Астанада адал еңбектің маңызын айшықтап, түрлі мамандық иелеріне деген құрметті арттыруға бағытталған тақырыптық, мәдени және қоғамдық іс-шаралар өтіп жатыр.