Елордалық спортшы ескек есуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Елордалық спортшы ескек есуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында елордалық спортшы Эвелина Костенко ескек есу мен каноэде есу бойынша Қазақстан құрамасының сапында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

500 метр қашықтыққа әйелдер арасындағы төрттік байдарка бойынша финалдық жарыста Қазақстан құрамасы 1 минут 37,005 секунд нәтиже көрсетіп, 3-орынға ие болды.

Эвелина Костенкомен бірге ұлттық құрама сапында Ольга Шмелева, Стелла Суханова және Татьяна Токарницкая өнер көрсетті.
Жарыста Қытай құрамасы жеңіске жетсе, Өзбекстан командасы күміс медаль иеленді.

Осылайша, Эвелина Костенко Қазақстан құрамасының сапында XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.