Астанада Космонавтар көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астанада Космонавтар көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астанада Космонавтар көшесінің Алпамыс батыр көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралығында жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 26-27 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажеи. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.