
Астананың көрікті орындары кәсіби суретшілердің қылқаламымен жаңа қырынан көрінді. «Елорда – өнер бұлағы» республикалық арт-симпозиумы аясында қазақстандық суретшілер елорданың сәулеті мен ерекше орындарын ашық аспан астында бейнелеп, қаланың көркем келбетін өз шығармашылық көзқарастары арқылы айшықтай түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл күні суретшілер қаланың әртүрлі орындарына орналасып, елорданың заманауи сәулеті, ерекше кеңістіктері мен атмосферасын қағазға түсірді.
Суретшілер мына локацияларда көрмелері қою діттелді.
• Атырау көпірі 10:00 – Серікжан Ысқақбек;
• Астаналық цирк 10:30 – Әділғали Баяндин;
• Абу-Даби Плаза 11:00 – Төлеуғазы Байғалиев;
• Самал паркі 11:30 – Талғат Татиев;
• Бас мешіт 12:00 – Рейхан Айтуарова.
Бұл көрмелер Астана қаласында кәсіби суретшілердің «Елорда – өнер бұлағы» республикалық арт-симпозиумы өтуде.
Ауқымды арт-жобаға еліміздің әр өңірінен кәсіби суретшілер қатысып жатыр.
Бес күн бойы суретшілер елорданың тарихи мұрасына, заманауи дамуына, сәулеттік келбетіне және қалалық өмірдің серпініне назар аудара отырып, жаңа туындыларын дүниеге әкелуде.
Симпозиумның қорытындысы 25 қыркүйекте ұсынылады. Осы күні көрменің салтанатты ашылуы өтіп, жоба барысында арнайы бейнеленген 40-тан астам жаңа туынды көпшілік назарына ұсынылады.
Көрме 1 қазанға дейін жалғасады.
Жоба елорданың көркем бейнесін кәсіби суретшілердің шығармашылық интерпретациясы арқылы танытып, Астананың заманауи мәдени-шығармашылық кеңістігін одан әрі дамытуға бағытталған.
«21-25 қыркүйек аралығында Астанада «Елорда – өнер бұлағы» республикалық арт-симпозиумы өтіп жатыр. Жобаға еліміздің әр өңірінен кәсіби суретшілер қатысып, бес күн бойы елорданың көрікті орындарында ашық аспан астында шығармашылық жұмыстарын жүргізуде. Олар Астананың заманауи сәулетін, ерекше кеңістіктері мен қаланың өзіндік атмосферасын өз шығармашылық көзқарастары арқылы бейнелеуде», – деді Мәдениет басқармасының Мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жақанқызы.
Сонымен қатар, Ақерке Жақанқызы аталған көрмелердің басты ерекше қырларына тоқталды.
«Симпозиумның басты ерекшелігі – суретшілердің қаланы әртүрлі қырынан танытуы. Жоба аясында 40-тан астам жаңа туынды дүниеге келеді. 25 қыркүйекте олардың барлығы көрме форматында көпшілік назарына ұсынылады. Көрме 1 қазанға дейін өтеді, – деп түйді ол.