
Астанада есірткі қылымысының алдын алу аясында жас спортшылар арасында киокушинкай-кан каратэден қалалық турнир өтті. Жарысқа 6-17 жас аралығындағы 200-ден астам бала қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жарысты «Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы» қоғамдық бірлестігі «Esirtkisiz Elorda» жобасы аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының, Полиция департаменті мен қалалық прокуратураның қолдауымен ұйымдастырды.
Жас спортшылар үшін жарыс тек өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіс үшін бақ сынауға ғана емес, спорттық әрі достық ортада уақыт өткізуге де мүмкіндік болды. Татамиде балалар тәртіптілігін, төзімділігін, мінезінің беріктігін және қарсыластарына деген құрметін көрсетті.
Жарыс кезінде ата-аналардың қолдауы да ерекше байқалды. Олар балаларына жанкүйер болып, әр жекпе-жайын алаңдап тамашалады. Жас спортшылар жеңіске жеткенде, олармен бірге қуанды.
Елорда полициясы профилактикалық жұмыстарды түрлі бағытта жүргізеді. Соның бірі – спорттық және жастар бастамаларын қолдау. Мұндай шаралар балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне, спортқа қызығушылығын арттыруға және салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.
Спорт балаларды тәртіпке, өзіне сенімді болуға және жауапкершілікке үйретеді. Бұл қасиеттер олардың дұрыс шешім қабылдап, алға қойған мақсатына нық қадам басуына көмектеседі.
#законипорядок #заңментәртіп