Астанада Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтеді

Астанада Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтеді

Астанада «Елорда» халықтық ардагерлер хорының Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында «Елорда» халықтық ардагерлер хорының орындауында музыкалық шығармалар шырқалады. Концерт аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін, қоғамның дамуына қосқан үлесін дәріптеуге, сондай-ақ, белсенді ұзақ өмір сүруді қолдауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және аға буын өкілдерінің мәдени бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.

Мерекелік шара 23 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында сағат 17:00-де басталады.