Елорданың Алматы ауданында тұрғындар қоғамдық кеңістіктерді тазартуға атсалысты

Елорданың Алматы ауданында тұрғындар қоғамдық кеңістіктерді тазартуға атсалысты

«Таза Қазақстан» республикалық бастамасы мен Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day аясында елорданың Алматы ауданында жалпы қалалық экологиялық акция өтті. Оған ауданның белсенді тұрғындары, Ардагерлер кеңесінің өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Акцияға қатысушылар қоғамдық аумақтарды санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмысын жүргізді.

Іс-шаралар Алматы ауданының бірнеше аумағында – Қ. Рысқұлбеков, Б. Майлин, А. Петров көшелерінде, Абылай хан даңғылы мен «Триатлон» саябағында ұйымдастырылды.

Экологиялық акция аясында аудан аумағына 350-ге жуық ағаш отырғызылды. Сонымен қатар қатысушылар қоғамдық аумақтарды, саябақтар мен гүлзарларды және аулаларды ретке келтірді.

Мұндай экологиялық іс-шаралар жасыл аймақтарды көбейтуге, қалалық ортаны жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, 19 қыркүйекте елорданың барлық ауданында Дүниежүзілік тазалық күні – World Cleanup Day-ге арналған жалпы қалалық экологиялық акция өтіп жатыр.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan