
Ақтау қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өз аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ерлер мен әйелдер арасында өткен зияткерлік додаға еліміздің 11 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 150-ге жуық спортшы қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша Астана қаласының ерлер құрамасы блиц сайысында үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионы атанды. Екінші орын Қызылорда облысының командасына бұйырса, үздік үштікті Батыс Қазақстан облысының өкілдері түйіндеді.
Елорда құрамасының сапында Биғали Зікрияев, Әзімхан Махмұтжан, Бибатыр Нұржан, Ернұрсұлтан Боранбай, Ілияс Мұхаметжан және Ақиқат Исатай өнер көрсетті. Команданы жарысқа жаттықтырушы Нұржан Қонарбаев дайындады.
Айта кетейік, ертең елордалық спортшылар тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына қатысу үшін Румынияға аттанады.