Астанада Ақмешіт және Алматы көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Ақмешіт және Алматы көшелерінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Ақмешіт және Алматы көшелерінің қиылысында «Астана қаласының Есіл ауданындағы Алматы көшесі бойымен көлік туннелін салу жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 19 қыркүйек күні сағат 21:00-ден бастап аталған қиылыста көлік қозғалысы толықтай шектеледі.

Қозғалысты шектеу жыл соңына дейін жалғасады деп жоспарланып отыр.

Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.