«Ұстаз. Кітап. Шабыт»: Астанада кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды

«Ұстаз. Кітап. Шабыт»: Астанада кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды

Астана қаласындағы №32 мектеп-гимназиясында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Ұстаз. Кітап. Шабыт» атты кездесу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында марафонның негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалар мен жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, тұрақты оқырман ортасын қалыптастыру және өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында «Кітап оқитын ұлт» жобасының Астана қаласы бойынша жобалық кеңсесінің басшысы Жақсыбай Боранбаев марафонның маңызына тоқталды.

«Кітап оқитын ұлт» марафоны – кітап оқуды кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыруға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған республикалық бастама.

Мақсатымыз – зиялы ұлт қалыптастырып, жарқын болашаққа жол ашу. Бүгінгі оқушылар сапалы білім алып, ертең өз ісінің білікті маманы болса, бұл еліміздің дамуы мен қуатына үлкен үлес қосады», – деді Жақсыбай Боранбаев.