Астана мектептерінде ата-аналарға арналған кітап оқу бұрыштары ашылды

Астана мектептерінде ата-аналарға арналған кітап оқу бұрыштары ашылды

Астанадағы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінде ата-аналарға арналған кітап оқу бұрыштары ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кітап бұрыштары, негізінен, балаларын мектептен алып кетуге келген кезде күтіп отыратын ата-аналарға ыңғайлы орындарға орналастырылған.

Енді ата-аналар баласын күту уақытын телефонға үңілумен өткізбей, кітап оқуға арнай алады. Кітап сөрелерінен бала психологиясы, тәрбие, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас және отбасы құндылықтарына арналған әдебиеттерді кездестіруге болады.

Жоба арқылы мектеп ұжымы ата-аналарды кітап оқуға ынталандырып қана қоймай, балаларға жеке үлгі көрсетудің маңыздылығына да назар аударуды көздейді.

Себебі бала үшін кітап оқитын ата-ана – ең жақсы үлгінің бірі.