«Кітап оқитын ұлт»: Қазақстанда марафонға қатысушылар саны 1 миллионға жетті

«Кітап оқитын ұлт»: Қазақстанда марафонға қатысушылар саны 1 миллионға жетті

«Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонының ресми сайтында миллионыншы қатысушы тіркелді. Осылайша Қазақстанның барлық өңірінен 1 000 000 адам кітапты, білімді және дамуды таңдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қатысушылар қатарында – мектеп оқушылары мен студенттер, мұғалімдер мен ата-аналар, кітапханашылар, мемлекеттік қызметшілер, түрлі мамандық иелері және тұтас отбасылар.

Бұл цифрдың артында жай ғана тіркеулер саны тұрған жоқ. Оның артында – марафонды өзіне жаңалық етіп ашқан және кітап оқуға қарай қадам жасаған миллион адам тұр.