
Астана қаласындағы №73 физика-математика лицейінде «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған «Өтеген Сейітов атындағы Болашақ жас прокурорлар» клубының жұмысы күшейтілді. Клубтың негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2026-2027 оқу жылының бірінші тоқсанына арналған жоспарға 1-6 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай құқықтық-ағартушылық іс-шаралар енгізілді. Кездесулер ойын, квест, бейнеролик, ситуациялық тапсырма және цифрлық викторина форматтарында өткізіледі. Бұл оқушыларға құқықтық білімді күнделікті өмірдегі жағдайлармен байланыстыра отырып меңгеруге мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушыларына «Менің құқығым және міндетім», «Құқық әлеміне саяхат», «Құқық па? Міндет пе?» тақырыптарында танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін ажыратып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды және түрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдауды үйренеді.
5-6 сынып оқушылары үшін құқықтық квест пен интерактивті викториналар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, «Құпия іс: Кішкентай прокурорлар тергеуі» квестінде оқушылар дәлелдерді талдап, логикалық тапсырмаларды орындаса, «Құқықты біл — өзіңді қорғай біл!» викторинасында бала құқықтары, жауапкершілік, интернет қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қамтылады.
«Болашақ жас прокурорлар» клубының жұмысын күшейту оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңды құрметтеуге және жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар бастама жасөспірімдердің құқық қорғау саласына қызығушылығын арттырып, «Заң мен тәртіп» қағидатын мектеп ортасында жүйелі түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді.
#законипорядок #заңментәртіп