
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы мен «Тарлан» мұз айдыны аумағында экоакция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталған спорт нысандары әлеуметтік маңызы бар нысандар қатарына жатады. Мұнда күн сайын ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына, оңалту шараларынан өтуіне және белсенді өмір салтын ұстануына қажетті жағдай жасалған.
Экоакция барысында «Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы» қоғамдық қорының қызметкерлері аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Спорт нысандарына іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді.
Мұндай экологиялық шаралар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті сақтауға, сондай-ақ қаланы абаттандыруға бағытталған.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan