Астанада Отбасы күніне орай «FAMILY MUSIC FEST» қалалық конкурсы өтті

Астанада Отбасы күніне орай «FAMILY MUSIC FEST» қалалық конкурсы өтті

Астанада ​Отбасы күніне орай «FAMILY MUSIC FEST» қалалық конкурсы өтті. Іс-шара Ғабит Мүсірепов көшесі, 15 мекенжайында орналасқан №64 мектеп-лицейінің қабырғасында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

​Іс-шараның ұйымдастырушылары – Астана қаласы әкімдігінің Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «Әкелер одағы».

​Білім беру және қоғамдық құрылымдардың күш біріктіруі отбасы институтын және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың ерекше маңыздылығын көрсете отырып, іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік берді.

​Фестивальдің басты мақсаты – отбасылық шығармашылықты қолдау және насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын дамыту және елорда тұрғындарының талантын ашуға жағдай жасау. Сахнада бірге өнер көрсету және конкурсқа дайындық қатысушылардың бұрынғыдан да бетер ұйысуына көмектесті.

​Сахнада қаланың түрлі мектептерінен келген шығармашылық дуэттер мен отбасылық ансамбльдер өнер көрсетті. Көрермендер мен қазылар алқасының алдында аналар, әкелер және олардың балалары өнер көрсетті. Олардың орындауында Отан, туған шаңырақ, ата-ана махаббаты мен бақытты балалық шақ туралы жүрекжарды композициялар шырқалып, көрермендердің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.

​Мереке ерекше көңіл күйде өтіп, қонақтар мен қатысушыларға жарқын әсер қалдырды.