
Астанада Тілендиев даңғылы бойынша «Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысындағы көлік айрығын салу» жобасы аясында жол жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылған.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.