
Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан 600-ге жуық спортшы қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салуда. Байрақты бәсеке «Жайық Арена» спорт кешенінде өтіп жатыр.
Аталған чемпионатта Астана қаласының намысын қорғаған Амангелді Мади 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Нәтижесінде елордалық дзюдошы алтын медаль иеленіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан чемпионатының соңғы жарыс күні.