Астанада Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астанада Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астанада 1-10 қыркүйек аралығында Н. Тілендиев даңғылының Көктал көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.