Оқу жылы басталғанға дейін Астана мектептері жаңа оқулықтармен қамтамасыз етіледі

Оқу жылы басталғанға дейін Астана мектептері жаңа оқулықтармен қамтамасыз етіледі

Астанада 2026-2027 оқу жылына дайындық аясында мектептерді жаңа оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа оқу жылында Астана қаласының оқушыларын қажетті оқу әдебиетімен толық қамтамасыз ету мақсатында 14 баспадан 1 млн 200 мыңнан астам дана оқулық пен оқу-әдістемелік кешен сатып алынды.

Бүгінде сатып алынған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер қалаға толық жеткізілді. Қазіргі таңда оларды елорда мектептеріне тарату жұмысы жүргізіліп жатыр.

Оқу әдебиеттерін мектептерге жеткізу жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық білім алушыны қажетті оқулықтармен қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр.

31 тамызға дейін Астана қаласындағы барлық оқушыны оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Осылайша, жаңа оқу жылы қарсаңында елордалық мектептердің оқу әдебиетімен қамтылуын толық қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыс аяқталады. Бұл оқушылардың оқу процесін қажетті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіп, жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді.