Астанада Қ. Мұхамедханов пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысы ішінара жабылады

Астанада Қ. Мұхамедханов пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысы ішінара жабылады

Астанада Қ. Мұхамедханов пен Ш. Айтматов көшелерінің қиылысар тұста жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 26 тамыз күні аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.